«Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ аппарат басшысының орынбасары

Мемлекеттік орган

Қостанай облысының әкімдігі

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

D-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

593751

Жалпы біліктілік талаптары

   D-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

 

 

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)

Қосымша талаптар

Ротациялауға жататын орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық немесе аумақтық бөлімшелері басшыларының, облыстық және аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволар басшыларының орынбасарларының лауазымдары үшін сол салада кемінде он екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы талап етілмейді.

Бұл ретте, ротациялауға жататын олардың орынбасарлары үшін сол салада кемінде он жыл практикалық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы талап етілмейді.

Функционалды міндеттер

Блок А

Облыстың жергілікті атқарушы органдарында, олардың құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ахуалға талдау жүргізеді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өңірлік бағдарламалар мен өзге де стратегиялық құжаттардың іске асырылу барысына бақылау жасайды. Талдау нәтижелері бойынша облыс әкімдігінің басшылығына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу.

Жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған шаралар қабылдау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (өңірлік және республикалық деңгейдегі), құқық бұзушылықтың және көлеңкелі экономиканың алдын алу мәселелері жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру.

Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік штабтың жұмысын ұйымдастыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия қызметінің мәселелері бойынша облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің қызметін үйлестіру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарымен өзара іс-қимыл.

Жобалық басқару бөлімінің жұмысына жетекшілік етеді.

Кіріс және шығыс хат-хабарлармен жұмыс істеу. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.06.2026 – 04.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66

Анықтама алу үшін байланыс

8(7142) 54-27-08