«Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы
Федоров ауданының әкімдігі
Қостанай облысы
E-R-1 (қолданыстағы) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары
441254
Жалпы біліктілік талаптары
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Сәулет және құрылыс
- Механика
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Техникалық физика
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Инженерлік жүйелер және желілер
Қосымша талаптар
Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: инженерлік, өңдеу және құрыл салалары (электр қуатымен қамту (салалар бойынша), темір жолдар жүйесін электрмен қамту, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және электротехникалық жөндеулері, машина құрылысы технологиясы (түрлер бойынша), құрылыс бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша), машиналар мен жабдықтарды пайдалану (өнеркәсіп салалары бойынша));
Функционалды міндеттер
«А» функционалдық блогы. Аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатын іске асыруына бағытталған жұмыстар кешеніне басшылық етеді.
Бөлім өткізетін мемлекеттік сатып алу конкурстардың ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) болады, мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттарға қол қояды және бекітілген азаматтық-құқықтық мәмілелерді міндеттемелерін орындауға жеке жауапкершілікте болады. Мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын бюджет шығыстарыны экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша бөлім қаржыландыру жоспарын әзірлеуге қатысады. Бюджеттік бағдарламаларды бекіту және қайта бекіту әрбір бағдарлама бойынша төлемдер және міндеттемелер бойынша жеке қаржылындыру жоспарларын әзірлеу бойынша бақылау жүргізеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы комиссиялардың, орындалған жол-құрылыс жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссиясының жұмысына қатысады. Сотта, сондай-ақ басқа да органдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде заңнамада белгіленген тәртіпте бөлімнің мүдделерін білдіреді. Бөлімнің қызметінде заңдылықты сақтауды жүзеге асырады. Құқықтық сипаттағы құжаттардың, нормативтік құқықтық актілерді заңнамалардың талаптарына сәйкес болуына тексеру жүргізеді. Әкімдіктің заңды және жеке тұлғалар объектілерін қайта құру, қай жабдықтау және құрылысына арналған қаулыларды жобасын, аудан әкімінің объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиясын құру жөніндегі өкімдерді жобаларын әзірлейді. Бюджет есе қаржыландыратын объектілерді пайдалануға беру туралы актіле дайындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadry.fdr15@gmail.com
- Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Жастар к. 53
-
87144222528, 87056684799