«Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Лисаков қаласының әкімдігі
Қостанай облысы
E-R-1 (қолданыстағы) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
- Педагогика және психология
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Құқық
- Ұлттық қауіпсіздік
- Қоғамдық қауіпсіздік
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
Қосымша талаптар
Жұмыс тәжірибесі мынадай талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе А-5, В-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-3, D-O-3, D-R-3, E-3, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған кезде осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілі;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бір жыл.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске төзімділік, бастамашылық, жауапкершілік, қызметтерді тұтынушыға бағдарлану және оны ақпараттандыру, адалдық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.
Функционалды міндеттер
БЛОК А. Мемлекеттік мекемені басқару. Қаладағы ағымдағы қоғамдық-саяси жағдайдың жай-күйі мен негізгі үрдістерін анықтау. Кері байланыс тетіктерін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн iшкi саясатты, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық бағытын мемлекеттiк ақпараттық тапсырыс негiзiнде жұмыс iстейтiн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау жөнiндегi жұмысты үйлестiру. Қалада қоғамдық-саяси іс-шаралар мен мерекелерді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру. Мекеменің құзыретіне кіретін қаржы-шаруашылық қызметінің мәселелерін бақылау, орындаушылар орындайтын қызметтердің сапасын бақылау. Тиiстi бағдарламалар бойынша осы мақсаттарға қалалық бюджеттен бөлiнген қаражат көлемi шегiнде қызмет көрсетудi орындаушылармен шарттар жасасу. Көрнекі үгіт құралдарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және саяси бағытына сәйкестігін, саяси және мерекелік іс-шаралардың қажетті көрнекі үгітпен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы» заңнамалар шеңберінде жұмысты үйлестіру. Қала әкiмдiгiнiң мәжiлiстерiне материалдар дайындау, мекеме құзыретiнiң мәселелерi бойынша әкiм және қала әкiмiнiң орынбасары өткiзетiн комиссиялар мәжiлiстерiне және кеңестерге қатысу. ҚР Әкімшілік іс жүргізу кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
l.galeeva@kostanay.gov.kz
- Лисаков қ., Мир көш., 31
-
8 (71433) 3-84-11