«Қостанай облысы әкімі аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Қостанай облысының әкімдігі

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380392

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Орман шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы
  • Жерге орналастыру
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Агроинженерия
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

А блок.

Әкімдік отырыстарын, облыстық кеңестерді ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қатысу; жетекшілік ететін өңірлер бойынша облыс әкімінің жұмыс сапарларын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; жетекшілік ететін өңірлер бойынша облыс әкімінің халықпен кездесуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; референдумдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті өкілді органдардың депутаттарын, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдерін сайлауға дайындықты және өткізуді ұйымдастыруға қатысу; жетекшілік ететін қалалармен және аудандармен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты жүзеге асыру; Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс мәселелерінде барлық деңгейдегі әкімдер аппараттарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету; жергілікті атқарушы органдардың облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің, республиканың басқа облыстарынан, жақын және алыс шетелдерден Қостанай облысына делегациялардың (қонақтардың) сапарларын дайындау және ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.04.2026 – 09.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Қостанай қ., Әл-Фараби, 66

Анықтама алу үшін байланыс

87142 54-17-18