«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшы
Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Қостанай облысы
688751
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Психология
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Әлеуметтік жұмыс
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Қаржы
Қосымша талаптар
Ротациялауға жататын орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық немесе аумақтық бөлімшелері басшыларының, облыстық және аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволар басшыларының орынбасарларының лауазымдары үшін сол салада кемінде он екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы талап етілмейді.
Бұл ретте, ротациялауға жататын олардың орынбасарлары үшін сол салада кемінде он жыл практикалық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы талап етілмейді.
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурстық комиссия айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурстық комиссия хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурстық комиссия осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Функционалды міндеттер
Блок А
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін іске асырады. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету қызметін үйлестіру;
мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету; мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету; Ұлы Отан соғысына қатысушыларды және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген адамдарды, соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарын санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету; мүгедектерді протездік-ортопедиялық және есту протездеу көмегімен қамтамасыз ету. Әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы Басқарманың құзыреті шегінде арнаулы мүгедектерді әлеуметтік қорғау және кемтар балаларды медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелері бойынша барлық мүдделі басқармалармен өзара іс-қимыл жасасу;
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік реттеу енгізілетін тарифтер (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ұйымдарда еңбек нормаларын, ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді қарау және келісу; халықты жұмыспен қамту саласында орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде Қостанай облысының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ берілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарады; аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметін үйлестіру; кедейлікті төмендету, өз құзыреті шегінде халықтың өмір сүру және табыс деңгейің арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу; оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтарының қызметін ұйымдастыру; жұмыспен қамтуды үйлестіру, халықтың көші-қоны және әлеуметтік бағдарламалар саласында ҚР қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес өзге функцияларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
i.dzhakeeva@kostanay.gov.kz
- Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66
-
8(7142) 54-27-08