Қостанайда былтыр 1300 адам еңбек инспекциясына жүгінген

Жарияланған күні: 19 ақпан 2025

Тобыл өңірінде былтыр 1300 адам еңбек инспекциясына жүгінген. Жұмысшылардың көбі өз құқығын қорғай алмайды. Оларға құқықтық кеңес беру қажет. «Заң және тәртіп» жобасы аясында Қостанайда бірқатар мемлекеттік органдар мен ұйымдар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бірлесіп жұмыс істеу арқылы халықтың құқықтық білімін арттыру көзделіп отыр. Ал кәсіпкерлер палатасы арқылы борышкерлерді жұмыспен қамту,өңірдің туристік әлеуетін көтеру, зияткерлік меншіктің жаңа географиялық белгілерін елге етене таныстыру секілді ауқымды жұмыстар атқарылмақ.

Дереккөзге сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=DIBwhYhOKNs