2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге жатқызылады
📢 Құрметті Қостанай облысының тұрғындары!
2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге жатқызылады.
Оларды пайдалану үшін:
✅ полицияда тіркелу;
✅ А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;
✅ техникалық тексеру;
✅ азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет болады.
📝 Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет:
-жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін);
-мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.
Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.
👮🏻♀️ Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Полиция департаментінің криминалистері облыстың басқа елді мекендеріне, екі доңғалақты көлік құралдарын тексеруге баруға дайын.
Шығу туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.
☎️ Қосымша ақпаратты келесі нөмерлер арқылы біле аласыз:
8-714-2-52-66-33
8-714-2-52-69-63