Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету туралы тапсырмасына сәйкес2021 жылғы 29 қазандаҚостанай облысы әкімінің Бірінші орынбасарыВ.Н. Ионенконың«Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні»өтеді.

Көліктік инфрақұрылым, жолдарды қалпына келтіру және жөндеу, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, еңбек қатынастары саласында еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, көші-қон, аумақтық қорғаныс, өнеркәсіптік қауіпсіздік, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жергілікті масштабтағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс мәселелеріне, жетекшілік ететін бағыттары бойынша шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік жасайды.  

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.

Өтініштерді қабылдау2021 жылғы 11-22 қазанға дейінаралығында жүзеге асырылады.

Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны575-013телефоны бойынша алуға болады.

Жарияланған күні

05 қазан 2021

Жаңарту күні

05 қазан 2021