2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы спортты дамытудың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Спорт түрлерін дамыту бойынша негізгі көрсеткіштер

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша спорт түрлері бойынша 14 890 спорт секциясының жұмысы ұйымдастырылған. Бұл 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 1 192 секцияға немесе 7,4%-ға аз (2024 жыл – 16 082 секция).

 

Спорт секцияларының жалпы санының ішінде 6 460 секция ауылдық жерде жұмыс істейді (2025 жыл – 6 893 секция).

Спорт секцияларымен тұрақты түрде айналысатындардың саны 316 118 адамды құрады. Бұл 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 3 663 адамға немесе 1,2%-ға артық (2025 жыл – 312 455 адам).

Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмыстары бойынша негізгі көрсеткіштер. Барлығы 1 664 дене шынықтыру ұжымының жұмысы ұйымдастырылды, оның ішінде 1 086 ұжым ауылдық жерде жұмыс істейді.

Дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 348 456 адамды құрады, бұл облыс тұрғындарының жалпы санының 46,7%-ын құрайды. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда өсім 16 469 адамды құрады (2025 жыл – 367 987 адам, немесе 44,5%).

 

Дене шынықтыру және спорт саласындағы штаттық қызметкерлер саны бойынша негізгі көрсеткіштер

Қазіргі уақытта дене шынықтыру және спорт саласында 2 964 адам жұмыс істейді. Бұл 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 21 адамға көп немесе 100,7%, ал 2024 жылғы деңгейден 20 адамға аз немесе 99,3% (2024 жыл – 2 984 адам).

Ауылдық жерлердегі штаттық қызметкерлер саны 31 адамға азайып, 1 389 дене шынықтыру қызметкерін құрады.

Дене шынықтыру қызметкерлерінің жалпы санының 2 912 адамы немесе 98,2%-ы дене шынықтыру саласы бойынша арнаулы білімге ие (2025 жылы – 2 900 адам).

Ауылдық жерлердегі 1 389 дене шынықтыру қызметкерінің 1 372-сі дене шынықтыру саласы бойынша арнаулы білімге ие, бұл 98,7%-ды құрайды.

Жарияланған күні

28 шілде 2026

Жаңарту күні

28 шілде 2026