Өнеркәсіп

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қостанай облысының кәсіпорындары 2 377,7 млрд. теңге сомасына өнеркәсіп өнімдерін өндірді, НКИ – 102,5%.
Өңір өнеркәсібінің құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 73,0%-ды, тау-кен өндіру секторының үлесі 23,2%-ды құрайды (электрмен жабдықтау – 3,0%, сумен жабдықтау – 0,8%).
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында тау-кен өндіру кәсіпорындары 550,7 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, НКИ – 92,0%.
Құрамында алтын бар кенді өндіру 14,6%-ға, мыс кенін өндіру 48,3%-ға, шекемтастар өндірісі 3,1%-ға ұлғайды.
Сонымен қатар, темір кенін өндіру 1,4%-ға, боксит өндіру 14,0%-ға, асбест өндіру 3,0%-ға, темір кені концентратын өндіру 12,3%-ға, мыс концентраттарын өндіру 44,8%-ға төмендеді.
Анықтама: өнім өндіру көлемдері статистика органдарының деректері негізінде алынған.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары 1 734,7 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, НКИ – 106,3%.
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі үлесін үш сала құрайды: машина жасау (НКИ – 110,1%, 868,0 млрд теңге, саладағы үлесі – 50,0%), тамақ өнімдерін өндіру (НКИ – 109,1%, 394,0 млрд теңге, саладағы үлесі – 22,7%), металлургиялық өндіріс (НКИ – 105,0%, 370,6 млрд теңге, саладағы үлесі – 21,3%).
Өндірілетін өнімдер бойынша автомобиль өндірісі 13,7%-ға, комбайн өндірісі 78,9%-ға, жатка өндірісі 22,1%-ға, өңделмеген алтын өндірісі 12,2%-ға, шойын өндірісі 66,5%-ға ұлғайды.
Трактор өндірісі 19,5%-ға, болат прокатын өндіру 4,3%-ға төмендеді.
Анықтама: өнім өндіру көлемдері статистика органдарының деректері негізінде алынған.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 22 қазан 2026АқпаратӨнеркәсіп
- 17 қараша 2022Біз туралы БАҚ"БелМаг" ғылыми-өндірістік бірлестігі АҚ сапары

