Бюджет

Бюджет

2026 жылғы 1 тамыздағы Қостанай облысы бюджетінің атқарылуы туралы

АНЫҚТАМА

 

Облыс бюджетінің жылдық көлемі (2026 жылғы 1 тамызға жағдай бойынша) 741,7 млрд. теңгені құрады, соның ішінде:

         меншікті кірістер (салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан, арнаулы түсетін түсімдер) – 292,9 млрд. теңге,

         РБ берілетін трансферттер – 23 млрд. теңге,

         субвенциялар – 350,6 млрд. теңге,

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 7,1 млрд. теңге,

         қарыздар түсімі – 52,0 млрд. теңге.

        

ТҮСІМДЕР

Түсімдер бойынша есепті кезеңге 395,7 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, атқарылуы 411,3 млрд. теңге немесе жоспарға 103,9% құрады.

Меншікті кірістер бойынша есепті кезеңге 123,6 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, атқарылуы 139,2 млрд. теңге немесе 112,6% құрады.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар 86,5%-ға атқарылды (29,9 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, нақты түсім 25,9  млрд. теңгені құрады).

Жеке табыс салығы бойынша жоспар 97%-ға атқарылды (56,6 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, нақты түсім 54,9 млрд. теңгені құрады).

Әлеуметтік салық бойынша жоспар 158%-ға атқарылды (21,1 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, нақты түсім 33,3 млрд. теңгені құрады).

 

ШЫҒЫСТАР

2026 жылғы 1 тамызға шығыстар бойынша есепті кезеңге облыс бюджеті 416,8 млрд. теңгені жоспарлау кезінде, 99,4%-ға игерілді  (касса 414,1 млрд. теңге).

Жалпы облыс бюджетінің жылдық көлемінің негізгі бөлігі әлеуметтік салаға бағытталды – 349,8 млрд. теңге немесе жылдық жоспарға 47,2% (білім – 236,1 млрд. теңге немесе 31,8%, денсаулық сақтау – 23,1 млрд. теңге немесе 3,1%, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету – 34,4 млрд. теңге немесе 4,7%, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 56,2 млрд. теңге немесе 7,6%).

Бұдан басқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен жылу энергетикалық компанияларға – 97,3 млрд. теңге немесе жылдық жоспарға  13,1%;

- көлік пен коммуникацияларға – 63,1  млрд. теңге немесе 8,5%;

- ауыл шаруашылығына – 122,3 млрд. теңге немесе 16,5%;

-мемлекеттік қызметтерге, қорғаныс және қоғамдық тәртіпке  – 58,7 млрд. теңге немесе 7,9%;

- өнеркәсіп пен құрылыс қызметіне – 3,1 млрд. теңге немесе 0,8%;

- қарызға қызмет көрсету, трансферттер, қарыздарды өтеу және өзге шығыстарға– 44,4 млрд. теңге немесе  жылдық жоспарға 6,0%.