БЮДЖЕТТІК ЕСЕПТІЛІК

  • облыстық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;
  • жергілікті бюджеттердің атқарылуын қамтамасыз ету;
  • міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджет бойынша түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
  • бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
  • облыстық бюджеттің атқарылуын бюджеттік есепке алуды жүргізу;
  • облыстың жергілікті атқарушы органының борышын өтеу және қызмет көрсету;
  • бюджеттік кредиттерді тіркеуді, есепке алуды және мониторингті жүзеге асыру;
  • бюджеттік есептілікті, облыстық бюджеттің және облыс бюджетінің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау;
  • мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа шығу үшін Қостанай облысы әкімдігінің бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асыру;
  • мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің мониторингін жүзеге асыру.

Баспасөз релиздері

Барлық баспасөз релиздері