«2026-2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 13 тамыздағы № 239 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«2026-2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы

13 тамыздағы № 239 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2026-2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 13 тамыздағы
№ 239 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1 және 2-қосымшалары осы қаулының 1 және
2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкіміҚ. Ақсақалов