Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы

Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабы 5-тармағын жүзеге асыру мақсатында қабылдануда.
 
Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының арнаулы (әскери) оқу орындарының тыңдаушыларына олар демалысқа кеткенде  азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормаларын бекіту мақсатында әзірленген.
 
Осы бұйрық жобасын қабылдаған жағдайда кері әлеуметтік және экономикалық салдарларға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын қажет етпейді. 
 
 

Қазақстан Республикасы ҰҚК

Жарияланған күні

07 қазан 2019 00:00

Жаңарту күні

07 қазан 2019

Түрі
Жарияланды