Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 30 шілдедегі №61/қе бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 30 шілдедегі №61/қе бұйрығы
 
 

«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының

ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы алуға құқығы бар азаматтық қызметшілері мен қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 48 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Азаматтық қызметшілерге, мемлкеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы алуға құқығы бар азаматтық қызметшілері мен қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13818 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

docNumber

№61/нс

Жарияланған күні

23 қыркүйек 2019 00:00

Жаңарту күні

23 қыркүйек 2019

Түрі
Жарияланды