«2020 – 2022 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «2020 – 2022 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 234 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2021 – 2023 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Конкурстан тыс рәсімдер арқылы республикалық бюджеттен 2021 – 2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Зияткерлік криптографиялық жүйелер: аппараттық-бағдарламалық кешенді әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады деп белгіленсін.».
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
36