Республикалық мүлікті «Қазимпэкс» республикалық орталығы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік «Казимпэкс» республикалық орталығы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісім бойынша) бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                         А. Мамин

docNumber

114

Жарияланған күні

07 ақпан 2020 00:00

Жаңарту күні

07 ақпан 2020

Түрі
Жарияланды