Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті медициналық қызметті жоспардан тыс бақылау бөлімінің бөлім басшысы
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті
Павлодар облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмысын ұйымдастыру, басшылық ету мен жұмысын бақылау және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болу; Бөлім мамандарының лауазымдық өкілеттіктерін бөлу, бөлім туралы ережені, лауазымдық нұсқаулықтарды, жұмыс жоспарларын әзірлеу, қажет болған жағдайда, департамент басшысы бекіткен соң, өзгерістер мен толықтырулар енгізу; Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету; Медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; Жеке және заңды тұлғалардың медициналық көмек көрсету мәселелері жөніндегі өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау, оларды талдау. Азаматтардың көрсетілетін медициналық көмек деңгейіне қанағаттану дәрежесін анықтау. Медициналық қызмет сапасына сараптама жүргізу мәселелері бойынша жұмыс тобына қатысу. Тәуелсіз сарапшыларды жоспардан тыс тексерулерге тарту мониторингісін жүргізуді ұйымдастыру; Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру; Тексерулерді тіркеу, тексеру нәтижелері туралы актілерді жасау, денсаулық сақтау субъектілеріне тексеру нәтижелері бойынша заңнама мен ҚР басқа да НҚА бұзушылықтарын жою туралы ұйғарымды беру, ұйғарымдардың орындалуын бақылау;
Жоспардан тыс тексерулерді жүргізу нәтижелері бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің есептік деректеріне талдау жүргізу; Тексеру нәтижелеріне және ұйғарымдардың орындалуына құзыреті шегінде талдау жүргізу; Өңірдің негізгі статистикалық көрсеткіштері мен күрделі мәселелері жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету; Алқаларға, жиналыстарға медициналық көмек көрсету сапасын бақылау мәселелері бойынша материалдарды ұйымдастыру және дайындау; Мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен реттелетін саладағы мәселелер бойынша әрекеттестік жасау; Өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құрастыру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қызметке арналған лицензиядан айыру мәселелерін шешу; Белгіленген тәртіппен басшылыққа қызметкерлерді көтермелеу, еңбек тәртібін бұзуға жол берген қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды беру; Өз құзыреті шегінде мониторингілік топтардың құрамында қатысу; Тексеру нәтижелері бойынша деректердің тиісті ақпараттық жүйелерге енгізілуін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес рұқсат беру рәсімдерінің лицензиялауын жүзеге асыру және хабарламаларды қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге міндеттерді атқару
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 09.08.2021
- г.Павлодар, ул.Лермонтова 59 н.п. 64
-
554416