ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің медициналық қызметті жоспардан тыс бақылау бөлімінің басшысы санаты С-О-4 (1 бірлік №13-5-1)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі медициналық бақылау Комитетінің Ақтөбе обласы бойынша Департаменті

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Бөлімге басшылық жасау және жұмысты ұйымдастыру. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау. Жеке және заңды тұлғалардың медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасына қатысты өтініштерін қарау. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету  саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүргізетін медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелеріне денсаулық сақтау субъектілері шағымданған кезде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының бірыңғай медициналық ақпараттық call-орталығының қызметін ұйымдастыруына қатысу. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативті сақтауына мониторингті жүзеге асыру. Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне аккредиттеуден кейінгі мониторингті жүргізу.Медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметтір (көмек) көрсету саладағы қызметін үйлестіру. Медициналық құжаттаманы тексеруге және сараптауға тәуелсіз сарапшыларды тарту. Тексеру мәселелері бойынша міндетті ведомстволық есептерді беру. Заңнамаға сәйкес жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуге қорытындылар беру.Қазақстан Республикасының Тексеру нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына жіберілген материалдарға мониторинг жүргізу. Ана мен бала өлімін төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабқа қатысу және отырыстарына ана мен бала өлімінің тексерілген жағдайларының нәтижелері бойынша материалдар дайындау.Қазақстан Республикасында медициналық қызметтер (көмек) көрсету мәселелерін реттейтін медициналық саланы дамыту стратегияларын, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу.Бөлім қызметкерлерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру, қызметкерлердің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Бөлім  қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

"А" блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.05.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.05.2022 – 16.05.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

20.05.2022

Сұхбаттасу орны

Ақтөбе қаласы Тілеу батыр көшесі 9Б

Анықтама алу үшін байланыс

8-705-539-62-58

Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілхайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз.