Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша медициналық және фармацевтикалық қызмет салаларында консультативтік кабинеттерді іске қосады
Жарияланған күні: 31 тамыз 2021
Жаңарту күні: 31 тамыз 2021
Көру саны:77
2021 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің барлық аумақтық департаменттерінде маман сертификаттары мен медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензиялар беру мәселелерін түсіндіру үшін консультативтік кабинеттер ашылуда.
Консультациялар аптасына бір рет оффлайн режимде және ZOOM-да онлайн-конференция арқылы өткізілетін болады.
Кеңес беру кестесі:бейсенбі (сағат 15.00-16.00).
Күні мен уақыты белгіленген онлайн-конференцияға сілтемелерді кәсіпкерлер ҚР ДСМ МФБК аумақтық департаменттерінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшаларында көре алады, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлік палатасының өкілі арқылы ала алады.
Жарияланған күні
31 тамыз 2021
Жаңарту күні
31 тамыз 2021
Түрі