2025 жылдың I жартыжылдығы бойынша дәрілік заттардың айналымын бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті тіркелмеген дәрілік заттардың нарықта айналымда болдырмау бойынша шаралар қабылдауда.

Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 233-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуге тыйым салынады. Қазақстан Республикасында өндірілген, сондай-ақ оның аумағына әкелінетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар мемлекеттік тіркеуге жатады.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Комитеттің аумақтық департаменттері құқық қорғау органдарының, азаматтар мен ұйымдардың өтініштері негізінде жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижесінде тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу бойынша 55 жағдай анықталды.

Естеріңізге саламыз, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабының 3-бөлігіне сәйкес дәрілік заттарды заңсыз босатқаны үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып, сондай-ақ қызметін тоқтата тұрумен қатар келесі мөлшерде айыппұлдар қарастырылған:

  • жеке тұлғаларға — 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);
  • лауазымды адамдарға — 150 АЕК;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 200 АЕК;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 300 АЕК;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 500 АЕК.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді заңнамалық талаптарды қатаң сақтауға, ал азаматтарды дәрілік заттардың қаптамасына назар аударуға шақырады: қазақ және орыс тілдерінде таңбалаудың болуы, тіркеу куәлігі туралы ақпарат, жарамдылық мерзімі, өндіруші және сақтау шарттары. Бұл — дәрілік терапияның қауіпсіздігін, сапасын және тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі шарты.

Жарияланған күні

29 шілде 2025

Жаңарту күні

29 шілде 2025