«Фармацевтикалық инспектораттың кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 365-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Фармацевтикалық инспектораттың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 365-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасырына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төраға орынбасары Г. У. Раймкулованың 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № -0/72854-ВН қызметтік жазбасы.
Төраға Б. Жүсіпов