Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті көрсетілетін қызметтерді бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті
Астана қаласы
265245
- Информатика
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіруді бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты үйлестіру; Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің қағидаларын әзірлеу; Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлеу; Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру; Комитеттің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.Мемлекеттік сатып алу жоспарларын және тиісті бюджеттік бағдарламаны, Министрліктің стратегиялық жоспары мен бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысу, сондай-ақ Басқарма құзыреті шегінде олардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу жоспарының тармақтарын уақтылы және сапалы орындауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу порталында дауыс беру және Басқарма құзыреті шеңберінде қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысады; Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты үйлестіреді. Электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсету бойынша орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Жұмыс топтарына, семинарларға, конференцияларға, кеңестерге, көрмелерге, іссапарларға және т.б., халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда АКТ дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады. Құзыреті шегінде салалық және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады; мемлекеттік / салалық / кешенді / өңірлік бағдарламаларды қарау және келісу; Операциялық жоспар, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша стратегиялық жоспар, құзыреті шегінде, сондай-ақ тапсырмаларға, бұйрықтарға және т. б. сәйкес өзге де салалық/ мемлекеттік бағдарламалар бойынша ай сайынғы/ тоқсан сайынғы/ Жыл сайынғы есептерді ұсыну. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша іс-шаралар жоспарына ұсыныстар қалыптастыруға қатысады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 02.06.2022
- қашықтан бейне байланыс құралы арқылы
-
8-747-383-14-06
64-91-27