Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлерді таңдау жөніндегі жалпы конкурсты өткізу бойынша Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының № 34 ХАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлерді таңдау жөніндегі жалпы конкурсты өткізу бойынша Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының

№ 34 ХАТТАМАСЫ

Нұр - Сұлтан қ.                                                       2021 жылғы 10 тамыз

 

 

Қатысқандар: конкурс комиссиясының мүшелері мен комиссия хатшысы.

Күн тәртібінде:

 

Үміткерлерді ұсынылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесудің негізінде бағалау және әкімшілік мемлекеттік бос лауазымды орынға тікелей орналастыру үшін іріктеу.

  1. Комитеттің Заң басқармасының басшысы жарияланған бос лауазымға 4 өтініш түсті.
  2. Комитеттің Мемлекеттік материалдық резервті қалыпьастыру және шығару басқармасының басшысы жарияланған бос лауазымға 4 өтініш түсті.

2021 жылғы 6 тамыздағы № 32 Қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешімге сәйкес әңгімелесуге 8 үміткер (оның ішінде 2 үміткер 2 бос орыннан) жіберілді.

Әңгімелесуге 4 үміткер қатысты.

Конкурстық комиссия 2021 жылғы 10 тамыз күнгі әңгімелесу барысында техникалық видеожазу құралын пайдаланды.

 

         Бағалау нәтижесі:

 

Айдарбеков Руслан Умирбекович

3,3

Алтынбеков Азамат Дүйсенғалиұлы

2,9

Аламан Асылбек Тұрсынұлы

4,4

Ерманов Алтынбек Конысбаевич

2,5

 

Ұсынылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесудің қорытындысы бойынша комиссия бағалау парағына қойылған баллдар негізінде ШЕШТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармасының басшысы бойынша Асылбек Тұрсынұлы Аламанның кандидатурасы ұсынылсын;
  2. Конкурстық комиссияның оң шешімін алған үміткердің болмауына байланысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Заң басқармасының басшысы бос лауазымына жалпы конкурс жариялансын.
Жарияланған күні

11 тамыз 2021 15:10

Жаңарту күні

11 тамыз 2021