Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторы, C-O-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Ұлытау облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Инженерия және инженерлік іс
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Сәулет және құрылыс
- Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, еңбек заңнамасының сақталуы бойынша тексерулердің уақтылы және сапалы жүргізілуін бақылау, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау мониторингін жүзеге асыру, өндірістік жарақаттанудың себептеріне талдау жүргізу, кәсіптік аурулар, тексеру нәтижелерінің қорытындылары бойынша «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің базасын толтыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау, еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соқтыратын себептер мен мән-жайларды, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын талдау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша консультативтік және түсіндіру жұмыстарын жүргізу, есептердің уақтылы және сапалы берілуін, бөлімнің барлық қызметкерлеріне бақылау құжаттарының орындалуы бойынша бақылауды жүзеге асыру, басшылық жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.serik@enbek.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, қажет болған жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
74-36-24