Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Атырау облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамту саласындағы еңбек заңнамасының және еңбек қатынастарын реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, еңбек заңнамасының сақталуы бойынша тексерулердің уақтылы және сапалы жүргізілуіне бақылау жасау, тексерулер нәтижелерінің қорытындылары бойынша «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің базасын толтыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау, еңбек заңнамасының бұзылуына әкелетін себептер мен мән-жайларды талдау, еңбек қатынастары мәселелері бойынша консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу, есептердің уақтылы және сапалы берілуін, бөлімнің барлық қызметкерлеріне бақылау құжаттарының орындалуы бойынша бақылауды жүзеге асыру, басшылық жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.kadrykomitet@enbek.gov.kz
- 27.12.2024
- техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
8/7172/74-33-55