Жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен қамтамасыз ету жұмысы тұрақты бақылауда

Жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен қамтамасыз ету жұмысы тұрақты бақылауда

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жұмыскерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен (ЖОМС) қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Қызметтің негізгі бағыттарының бірі цифрлық профилактика болды:
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп, апта сайын жеке кабинеттер арқылы жұмыс берушілерді автоматтандырылған түрде хабарлама жіберу ұйымдастырылуда. Ағымдағы жылдың тамыз айында ел көлемінде бойынша 54 мыңнан астам осындай хабарлама жіберілді, бұл әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолданбай-ақ сандық еңбек саласында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету Комитеттің тұрақты бақылауында қалады.