«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы орналастырылғандығы жөнінде Баспасөз хабарламасы
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы орналастырылғандығы жөнінде
Баспасөз хабарламасы
2024 жылғы 8 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыруға және жергілікті атқарушы органдардан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау функцияларын беруге байланысты «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасы әзірленді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 тамыздағы № 628 қаулысымен мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті (бұдан әрі – МЕИК) және оның аумақтық бөлімшелері құрылды.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Бұйрық жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.
Әлеуметтік-экономикалық әсер: арнайы көлік құралдарының нормативін бекіту мемлекеттік еңбек инспекциясын көлік құралдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауды және кәсіпорындардағы қауіпсіз еңбек жағдайларын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды күшейтеді.
Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: