«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын тексеру бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу және ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңына сәйкес келтіру және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін жетілдіру мақсатында әзірленді.
Күтілетін нәтижелер – еңбек саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау жүйесін жетілдіру.
Бұйрық жобасын қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.
Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15591700