Қазақстандық халықаралық еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме – KIOSH 2024


2024 жылы 29–31 мамыр аралығында Қазақстанның Астана қаласыда «EXPO» ХКО-да KIOSH 2024 12-ші Қазақстандық Халықаралық Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме өтеді.
Дәстүрлі түрде «KIOSH 2024» аясында конференция, көрме, B2B кездесулер, көрменің іскерлік бағдарламасы өтеді, олардың қатарына еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандарына арналған воркшоптар, тренингтер мен оқыту семинарлары да кіреді.
KIOSH 2024 көрмесінде негізгі экспозициядан басқа демонстрациялық алаң іске қосылады, онда нақты уақыт тәртіптемесінде тау-кен құтқару, өрт және биіктік жұмыстары бойынша жаттығулар өткізіледі.
Екі күнге созылатын конференция бағдарламасы екі негізгі бағыттарды ұсынатын болады – еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік. Еңбекті қорғау тақырыбы аясында Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы, қауіпті өндірістер қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру үрдістері, кәсіби құзыреттер мен ғылыми әлеует мәселелері бойынша талқылаулар өтеді, сондай-ақ жарақаттанудың нөлдік көрсеткіштері бар әлемдік компаниялардың және жетекші салалық халықаралық Қауымдастықтардың үздік тәжірибесі ұсынылатын болады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік тақырыбы аясында Қазақстан Республикасындағы өндірістерде өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мәселелер қарастырылып, өзекті шешімдерді қалыптастыратын болады.
KIOSH 2024 жыл сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен өтеді.
Іс-шараға «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы (ТМКҚ), «KAZENERGY» Қауымдастығы, «Самұрық-Қазына» АҚ ресми қолдау көрсетеді.
Көрме мен конференция қатысушылары тізімінде сондай-ақ «Казцинк» ЖШС, «KAZ Minerals» ЖШС, «Еуразиялық Топ» ЖШС, «Kazakhmys Holding» ЖШС, Каспий Құбыр Консорциумы, Техноавиа, «Глобал – Спецодежда» Өндірістік Бірлестігі, «Буркит Сейфти» ЖШС және т.б. компаниялар бар.
29 мамыр 2025
31 мамыр 2025
Конференция