Еңбек заңнамасын бақылау

Еңбек заңнамасын бақылау

Еңбек заңнамасын бақылау басқармасы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, оның ішінде халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Қызметінің негізгі бағыттары жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуын бақылау, еңбек жанжалдарының себептерін талдау және олардың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеу, сондай-ақ еңбек заңнамасының нормаларын қолдану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады.

Басқарма сондай-ақ заңнаманы жетілдіруге қатысады, консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне құқықтық, консультациялық және практикалық көмек көрсетеді.

Жарияланған күні

31 тамыз 2026

Жаңарту күні

31 тамыз 2026