«ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ Әкімшілік басқармасының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы. санаты С-О-5 (1 бірлік)
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Астана қаласы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Кадр жұмысын жүргізу, оның ішінде: кадр құрамына талдау жүргізу, кадрларға қажеттілікті жоспарлау; БДБ қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу; құрылымды және штат санын бекіту бойынша, штаттық кестені, БДБ штаттық орналастыруды жүргізу бойынша жұмыстар жүргізу; БДБ қызметкерлерін қабылдау, ауыстыру, босату бойынша құжаттарды ресімдеу; демалыстарды ресімдеу; мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды ұйымдастыру БДБ қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар; БДБ қызметкерлерін әскери есепке алуды жүргізу; БДБ қызметкерлерін марапаттау бойынша жұмыстар жүргізу; БДБ қызметкерлерінің тәлімгерлігі және тағылымдамасы бойынша жұмыс жүргізу, БДБ қызметкерлерінің жалақысын есептеу бойынша табель жүргізу, БДБ қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына сыйлықақы және үстемеақы беру бойынша бұйрықтарды ресімдеу, біліктілік талаптарын, БДБ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, БДБ құрылымдық бөлімшелері туралы Ережелерді бекіту бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес азаматтық іс жүргізу мүдделеріне өкілдік ету, заңнамалық практиканы сақтау бойынша талдау және бақылау.
Іс қағаздарын жүргізу, оның ішінде келіп түскен хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, бөлу, кіріс құжаттарын тіркеу, оларды Басқарма басшылығына уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету, оларды есепке алу және талдау. Шығыс құжаттарды өңдеу, тіркеу, шығыс хат-хабарларды жөнелтуге дайындау, буып-түю, тізілімдерді жасау, Қазпочтаға жеткізу.
Ведомстволық бақылауды талдау, қашықтықтан бақылау, қызметтік тексерулер және т.б. жүргізу жолымен жүзеге асыру, өтініштерді қарау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде есептерді, құжаттарды лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігінің қарауына, оның ішінде қызметтік тергеп-тексеру жүргізе отырып дайындау.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қорғау, қызметтік міндеттерін атқару кезінде алынған мәліметтерді сақтау және жария етпеу жөніндегі талаптарды орындау.
Өзінің лауазымдық міндеттерін, Еңбек және атқарушылық тәртібін орындау; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Жеңис даңғылы 11, техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі ("ZOOM" бағдарламасы)
-
8 (7172) 70-98-77