ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаементі Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Астана қаласы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Ұсынылған декларациялар мен есептердің шынайлығына, салық төлеушілердің қосылған құн салығын дұрыс есептеуіне, толық және уақтылы төлеуіне тақырыптық тексеруді жүзеге асыру және салық заңнамасын түсіндіру. Жанама салықтарды әкімшілендіру. Салық заңдылығын түсіндіру бойынша салық төлеушілерге кеңестер беру. Салық есептемелерін талдау мен қарау негізінде салық міндеттерінің орындалуына камералдық бақылау жүргізу. Салық төлеушілерге камералдық тексеру жүргізу. Салық заңдылығымен қарастырылған міндеттердің уақытында орындалуы бойынша салық төлеушілерге нұсқамалар беру. Кіріс және шығыс құжаттарын мерзімінде өңдеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 18.08.2022
- Нұр-Сұлтан қаласы, Ш.Айманова 6
-
8-71-72-54-33-01