Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Петропавл қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы (2023ж.23.09. дейін уақытша негізгі кызметшінің бала күту жөніндегі демалыс кезеңіне)
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Солтүстік Қазақстан облысы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Болжам жобаларын ұйымдастыруға қатысу; жоспар-болжамның нақты және күтілетін орындалуы бойынша есептер мен ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету; кіріс көздерінің түсуін талдау; орындалатын ерекшеліктер сапасының сақталуын бақылау; бөлім жұмысына байланысты құжаттарды дайындау, құжаттандыруды және іс жүргізуді ұйымдастыру. Өтініштерді қабылдауды, салықтар мен төлемдердің артық төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуді, салық міндеттемелерін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірмені ұсынуды және салық төлеуші есеп айырысуларының жай-күйі туралы анықтама беруді, салық төлеушінің тұрғылықты жері немесе қызметін жүзеге асыру орны өзгерген кезде банктік шоттан есептен шығару және бюджетке салықтарды, төлемдерді, жарналарды есепке алу және дербес шоттарды беру күнін көрсетудің дұрыстығын жүргізеді. СЕӨЖ АЖ қабылданған СЕН-ді қабылдау, тіркеу, енгізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарды уақтылы ұсыну. А блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.06.2022
- Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 56
-
8(7152) 50-00-51, 46-45-07