ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша МКД Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Алматы қаласы
210136
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Ұсынылған декларациялар мен есептіліктердің дұрыстығына, есептеулердің шынайылығына, салық төлеушілердің толық және уақтылы қосылған құн салығын төлеуіне тақырыптық тексерістерді жүргізу. Елшіліктерге қосылған құн салығын қайтару бойынша тексеру жүргізу. Сұраныс бойынша қарсы тексерістерді жүргізу. Іріктеу өлшемдеріне сәйкес қосылған құн салығы бойынша дебеттік сальдосы бар салық төлеушілерге қосылған құн салығы бойынша тақырыптық тексерулерді жүргізу. Салық төлеушілердің келіспеген актілерін қарауға қатысады, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттама жасайды және сомалардың . Қарсы тексерулердің нәтижелері туралы есеп береді, декларанттың берілуін, мұнай өнімдері мен алкоголь өнімдерінің айналымы, қозғалысы мен теңгерімдері туралы ақпаратты, алкоголь өнімдері мен этил спиртінің акциздік бекеттерін бақылайды. Тоқсан сайын алкоголь өнімдері мен этил спиртінің қозғалысы туралы есеп алады, мұнай өнімдерінің қозғалысын бақылайды және алкоголь өнімдері мен этил спиртінің есептегішін қадағалайды. ЕЭОШ елдерінен экспорталатын тауарларды растайтын құжаттарды тексеру. Уәкілетті органдар (шекара бекеттері, «ҚТЖ» ҰК »АҚ және әуе тасымалдаушылары) берген ақпараттарға сәйкес ескерту мен хабарламалар беру, жүк құжаттарына негізделген шот-фактураларға электронды шот-фактураларды куәландыру арқылы тауарлардың экспортын тексеру. Тауарларды уақытша әкелу / әкету туралы ақпараттарды басқару, таңбалау үшін аң терісінің импортын тексеру; Салық төлеушілерге салық заңнамасын түсіндіруді жүзеге асыру. ҚР Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі мен мерзімін сақтайды;Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік, мемлекеттік емес, сонымен қатар құқық қорғау органдармен қарым-қатынас жасайды; Құзыреті шегінде тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептерді жоғары тұрған органдарға ұсыну Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік өндіріс қозғау фактілерін әкімшілік өндіріс бойынша құжат айналым ЭКНА прогаммасына тіркеп енгізу;Ақпараттық есеп құжаттарын БУСЖ АЖО («Бірыңғай Унифициалды Статисткалық жүйесі» Автоматтандырылған жұмыс орны) ҚР ӘҚБК 802, 803, 804 бабтарын деректер қорына енгізу және қою (ф.1-АВ, 1-АП карталарын, хабарламаларды, ҚР ӘҚБК 894 және 895 бабына сәйкес айыппұлды өндіру қаулысын беру уақытын, айыппұлды мәжбүрлеп өндіру қаулысын орындау уақытын, мәжбүрлеп өндірілген айыппұл көлемін толтыру);Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік, мемлекеттік емес, оның ішінде құқық қорғау органдарымен өзара ақпарат алмасу. Жанармай құю бекеттеріндегі бақылау өлшеуішіндегі пломбаларды қою және шешу. Біріктірілген ақпараттық салықтық жүйесін (БАСЖ), Салықтық есебін өңдеу жүйесін (СЕӨЖ), Орталықтандырылған бірыңғай жеке шоттарын (ОБЖШ), Хабарламаның қойылған реестрі (ХҚР), Ақпараттық жүйе ақцизі (АЖАкцизі), Бұлтты құжат айналымы (БҚА) жүйесіне құжаттарды уақытылы енгізу.
Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым "А" функционалдық блогына жатады (4 грейд)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы қаласы, Айманов көшесі, 191
-
8(727)275-48-22, 2750717