Персоналмен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы(негізгі қызметкер бала күтуі демалысы кезеңіне 02.04.2024ж.дейін) Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

95210 - 128834

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Қосымша талаптар

    

                  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

      Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

   жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);
  • тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.

Бұл ретте, ішкі конкурсқа қызметшілері осы мемлекеттік органның ішкі конкурсына қатысуға құқылы мемлекеттік органдардан қызметтен шығарылған адам ғана қатысуға құқылы.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясының хатшысымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

           Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Алматы қаласы, Бостандық  ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында (Алматы қаласы, Айманов көшесі 191) мекен-жайы бойынша өтеді.

 Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының іс-әрекеті мен шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Достық даңғылы, 134, мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 8 (727) 254-90-28 байланыс телефонына немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

Функционалды міндеттер

Бос әкімшілік лауазымдар орнына конкурс өткізу үшін барлық қажетті құжаттарды дайындауға қатысу және  оны өткізу. Бостандық ауданында МКБ-ның бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен өзара іс-қимыл жасау; Басқарма қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын жүргізу,оларға марапаттау, тағайындау, ауыстыру және жұмыстан босату туралы жазбаларын уақтылы енгізу; МКБ қызметкерлерін тағайындау, жұмыстан шығару және басқа лауазымға көшіру үшін барлық қажетті құжаттарды дайындау; Қызметтік куәліктердің есебін жүргізу және беру; апта сайын басқармада бос жұмыс орындары туралы ақпаратты дайындау; уақыт кестесін жүргізу; аурулық күәлік хаттамаларын жүргізу;жалақы есептеп түсіру үшін қажетті құжаттарды «Е-Қаржы министрлігі» ақпараттық жүйесіне деректерді уақытылы енгізіп Алматы қаласының қазынашылық Департаментіне ұсыну; жеке құрам мен негізгі қызмет бұйрықтарын тіркеу,  Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүзеге асыру; Басқарма қызметкерлерінің жеке істерін тіркеу, сақтау және есепке алу.Тәртіптік комиссияның жұмысына қатысу, осы комиссияның материалдарын уақтылы орындау және тәртіптік комиссия бұйрықтарының тізілімін журналда тіркеу. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, қылмыстары және Әдеп кодексін сақтауы туралы есеп жасау; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының  құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен салыстыру Актісін жүргізу; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының  құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен Алматы қаласы бойынша басқармасына есеп берудің уақытында салыстырып дұрыс орындалуын қамтамасыз ету, қызметкерді тексеру, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде арнайы тексерістерден өту үшін жаңадан келген қызметкердің құжаттарды дайындау; әскери есепке алу құжаттарын жүргізу, сынақ мерзімінен өту үшін құжаттар дайындау және тәлімгерлерді қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді жыл сайынғы бағалау үшін құжаттар дайындау.«Салық төлеуші ​​терминалы» техникалық қолдау, SONO ақпараттық жүйесін уақытылы жаңартуды жүргізу. Кіріс және шығыс құжаттарды бұлтты құжат айналымы (БҚА) жүйесінде тіркеу. Кіріс, шығыс құжаттарын «Қазпошта» АҚ  арқылы қабылдау және жөнелту; «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» 1-ОЛ статистикалық есебін ұсыну. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерінің сақталуын бақылау. Жоғары тұрған органдарға тоқсандық, жарты жылдық және жылдық жиынтық есептерді ұсыну. Мемлекеттік меншіктің сақталуын бақылау (түгендеу және тауарлық-материалдық құндылықтарды есептен шығару), Басқарманың  істер номенклатурасын жасау және бекіту. Ақпараттық жүйелердің барлық жаңартуларын уақтылы жүзеге асырыңыз, «Салық төлеушілер терминалының» техникалық қолдауы Қазақстан Республикасы Ақпараттық жүйесінің интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйесінің бағдарламалық қамтамасыздандыруының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.09.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.09.2021 – 14.09.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

16.09.2021

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Айманова көшесі 191, 5-қабат, кабинет 501

Анықтама алу үшін байланыс

тел.275-48-22