6. ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы (негізгі қызметкер М.Е.Базарбаеваның бала күтіміне арналған демалысы уақытына 21.05.2022 жылға дейін), С-О-5 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Салық төлеушілердің салық сауаттылығын, ақпараттандырылуын арттыру мақсатында салық және кеден заңнамалары мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген мерзімдерде, салық төлеушілердің салық және кеден кодекстерінің негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша жазбаша және ауызша жүгінулерін өз құзыреті шеңберінде қарау; Департамент басқармаларының дайындаған салық және кеден заңнамалары номаларын түсіндіру бойынша материалдарын дайындап бұқаралық ақпарат құралдарына (бұдан әрі – БАҚ) орналастыру үшін жіберу; Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамаларын түсіндіру мәселелері бойынша Департаменттің басқа басқармаларымен бірігіп брифингтер, дөңгелек столдар, семинарлар ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамаларының негіздерін түсіндіру бойынша теледидармен, радио және баспа құралдарымен тұрақты байланыс орнату; Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен қосымшалар, салық және кеден заңнамаларының нормаларын түсіндіру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын іске асыру; Департамент қызметкерлерінің теледидар мен радиоға жазылу бойынша медиа-жоспарының орындалуын ұйымдастыру және бақылау табылады; Департамент басқармалары, МКБ қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру бойынша және басқа да бақыттарда жұмыстарды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының салық және кеден, салық салуға байланысты заңнамаларының кейбір нормаларын түсіндіру бойынша өткізілетін аппараттық оқуларға қатысыу; Басқарма қызмекерлері өз жұмысында Қазақстан Республикасы заңнамасымен берілген құқықтарын пайдаланады, соның ішінде пайда болған салық міндеттерін орындау және тоқтату бойынша өз құзыреті шеңберінде түсіндіру және комментарии беруге; МКБ қызметкерлерінен, басқа аумақтағы мемлекеттік органдардан, облыстың мемлекеттік органдарынан өзіне жүктелген тапсырмалары мен міндеттерін орындауға қажет материалдарды, анықтамаларды, есептерді, қорытындыларды және басқа да материалдарды сұратуға құқылы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.09.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.09.2021 – 13.09.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ, Республика даңғ, 52, 503 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

77-31-04