ҚР ҚМ МКК Алматы облысы бойынша МКД Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Салық төлеушілердің ақпараттарын қабылдау мен өңдеу және салықтық тіркеу орталығы» бөлімінің бас маманы, № 03–2-6
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Алматы облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқық
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Құжаттарды тұтастандырылған салықтың ақпараттық жүйесі, салық есептілігін өңдеу жүйесі ақпараттық жүйелерінің көмегімен қабылдап, өңдеуді қамтамасыз ету. Аудан бойынша салық төлеушілерден салық есептілігі нысандарын қабылдап, салық есептіліктерінен шыққан бұзушылықты жою жөнінде хабарламаны тапсыру жұмысын бақылау. Есеп беру кезеніндегі бөлім мен қызметкерлердің жұмыс қорытындысын шығару. Қабылданған декларациялар мен есеп айырысулар бойынша жиынтық ақпарат құрау. Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша тиісті сұраулар мен хаттар дайындап, жауап беру, басшылыққа қол қоюға тапсыру. Салық заңдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Тапсырылған құжаттардың орындалу барысын бақылау, оның уақтылы орындалуына жауапкершілік алу, басшылықтың тапсырмасын орындау. Салық төлеушілерді тіркеу. Салық төлеушіге тіркеу номерін (ЖСН) беру және оны ҚР салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіміне енгізу.Тіркеу есебінен шығаруға және қоюға өтініштерді қабылдау, салық төлеушінің куәлігін, мемлекеттік тіркеу куәлігін беру жұмыстарын қадағалау және тіркеу есесбіне қою туралы растау қағазын беру. БКМ-ын фискальдау және фискальдық есептілікті шығарып алу жұмысын жүргізуді, БКМ-ның есебін жүргізу туралы журнал жүргізуді, қосылған құн салығы бойынша есепке қою және қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерді есепке алуды бақылау.Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру. ҚР ҚМ МКК Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматинская область г. Каскелен, улица 10 лет Независимости д.54А
-
8(72771) 2-15-31