ҚР ҚМ МКК Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 30.03.2028 жылға дейін), индекс ОПиОР-2

Мемлекеттік орган

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-R-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жалпы ақпараттар дайындау. Мемлекеттік кіріс басқармасының заңды мүдделері мен құқығын қорғауды жүзеге асыру, прокуратураның ұсынысы бойынша уақытында шаралар қолдануды бақылау. Басқармадағы орындалу тәртібінің жағдайына талдау жасау. Құқық түріндегі бұйрық, шешім және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу. Сот тексерулеріне қатысу, кассациялық және қадағалау шағымдарына қарсылықтар дайындау, басқарманың талап-арыз жұмысын өткізу, сот инстанцияларына шағымдар бойынша заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен ұйымдардан, кәсіпорындардан мемлекетке салық қарызын өндіріп алуды қамтамасыз ету жұмысын бақылау және үйлестіру. Аудан әкімшілігі мен басқада мемлекеттік органдардың мәжілісіне, алқасына материалдар дайындау. Орталықтандырылған тапсырмаларды, есеп берулер, ақпараттар мен мәліметтерді орындау. Кадр бірлігін іріктеу, орналастыру, штат кестесін дайындау. Орындаушылық тәртібінің жай-күйін талдау. Бос лауазымдық орындарға орналастыру және арнайы тексерудан өту үшін құжаттарды дайындауды жүзеге асыру. Кадр жөніндегі жылдық және тоқсандық есептілікті жасау. Іс жүргізуді ұйымдастыру. Кіріс құжаттары мен шығыс құжаттарын тіркеп және өңдеп жіберу. Белгіленген мерзімде келіп түскен құжаттардың орындалуына бақылау жасау. Құжаттардың көшірмесін түсіру және көбейтүді ұйымдастыруды бақылау. Хаттар бланкінің сақталуы мен есебін қадағалау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу. Салық және кеден заңдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Импорт/экспорт кезінде ЕАЭО халықаралық келісім-шарт базасына сәйкес бюджетке салықтың толық түсуі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Салық және кеден заңдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Импорт/экспорт кезінде ЕАЭО халықаралық келісім-шарт базасына сәйкес бюджетке салықтың толық түсуі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. 

 

"В" функционалдық блок

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.07.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.07.2026 – 08.07.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алтын Адам аллеясы көшесі,155

Анықтама алу үшін байланыс

8-72775-75595