ҚР ҚМ МКК Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, C-R-4 санаты, ОАЮЛ-14, 1 бірлік
Ақтөбе облысы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Функционалды міндеттер
Бөлімге қатысты бюджеттік квалификация кодтары бойынша және мемлекеттік сатып алу бойынша қаржы қуралдарын алған салық төлеушілерден салықтардың толық көлемде түсуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттыру мақсатында кестеге сәйкес белгіленген болжамдардың орындалуын немесе орындалмауына ай сайын талдау жасайды. Камералды бақылау нәтижесі бойынша хабарламаларды табыс етеді. Табысталған хабарламаларға жауаптар алынған кезде ИНИС жүйесіне олардың орындалғандығы жөнінде уақтылы өзгертулер енгізеді. Талап – арыз жұмысын жүргізеді, тараптардың бірі басқарма болған азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істерін, сот шешімдерін орындауды бақылайды және ұйымдастырады. Құқықтық мәселелерді қарау барысында өз құзыреті және құқығы шегінде бекітілген тәртіпте сот және өзге де органдарда басқарманың мүдделерін білдіреді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы мен хаттамалар бойынша өтініштер мен шағымдарды өз өкілеттігі шегінде уақытылы және сапалы қарайды. Заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау және азаматтық әкімшілік және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша басқарманың талап – арызын қарау жөніндегі сот және соттан тыс тәжірибе бойынша есеп және талдау жүргізеді.Құқықтық мекен жайында анықталмаған заңды тұлғаларға мекен жайында жоқтығы жөнінде акт жасап, оларды ҚҚС есебінен алуға материалдарды дайындайды. Әкімшілік хаттамалар мен қаулыларды уақытылы рәсімдейді. Әкімшілік өндірісі аяқталған істер бойынша уақытылы 1П үлгісіндегі есеп карточкалары мен белгіленген үлгідегі таландарды ҚСжАЕБ уақытылы тапсырады. Бекітілген бюджет классификациясы бойынша күтілген түсімдер жөнінде болжам жасау. Қызметін тоқтатқан және таратылатын заңды тұлғалардың сондай-ақ, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 59 бабына сәйкес, камералдық қорытынды жасауды жүзеге асырады. Қосылған құн салығы бойынша есепте тұрмаған салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 61 бабына сәйкес салықтық бақылау, жеке тұлғалардаң міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы есептелмеуі, ұсталмауы және аударылмауы, сондай-ақ әлеуметтік аударымдардың толық және уақытылы есептелмеуі мен төленбеуі мәселелері бойынша өтініш түскен кезде салықтық тексеру және жоғары тұрған орган және де құқық қорғау органдарының тапсырмасымен қосылған құн салығы бойынша есепте тұрмаған салық төлеушілерге салықтық тексерулер жүргізеді. Сот отырыстарына қатысады. А блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.zhumalieva@kgd.gov.kz
- Ақтөбе қаласы, Н.Кобландин көшесі, 7
-
8 (7132) 45-65-79