ҚР ҚМ МКК Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының заң бөлімінің бас маманы, C-R-4 санаты, ЮО-4, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

C-R-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мамандығы

  • Құқық

Функционалды міндеттер

Талап – арыз жұмысын жүргізеді, тараптардың бірі басқарма болған азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істерін, сот шешімдерін орындауды бақылайды және ұйымдастырады. Құқықтық мәселелерді қарау барысында өз құзыреті және құқығы шегінде бекітілген тәртіпте сот және өзге де органдарда басқарманың мүдделерін білдіреді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы мен хаттамалар бойынша өтініштер мен шағымдарды өз өкілеттігі шегінде уақытылы және сапалы қарайды. Заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау және азаматтық әкімшілік және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша басқарманың талап – арызын қарау жөніндегі сот және соттан тыс тәжірибе бойынша жұмыс жүргізеді.Сот, құқық қорғау және басқа да органдарда мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі ретінде қатысады. Прокуратурадан келіп түскен салық және әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты заң бұзушылықтарды болдырмау туралы ұсыныстарды қарайды. Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлімдерінен келіп түсетін материалдар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды қарап, заңдылығын тексереді. Азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге қатынасты сотқа қатысып мемлекеттік кірістер басқармасының құқығын қорғайды. Басқарма басшысының тиісті бұйрықтарында көрсетілген мерзімде әкімшілік іс материалдарын ҚР ИСАЖ жүйесінде өңдеуді және бекітуді жүзеге асырады. 2Н есебі кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің мәліметін жинау және оны жоғарғы тұрған органға табыс ету. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік айыппұлдарды жою жұмысын атқарады. Өз құзіреті шегінде салық төлеушілердің арыз-шағымдарына қарап, оларға заң жүзінде жауап береді (соның ішінде әкімшілік айыппұлды төлеу мерзімін созу туралы). Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің қаулысын Сот актілерін орындау департаментімен өндіріп алу мақсатында жолдауына есеп және бақылау жүргізеді. Әр тоқсан сайын АҚ «ӘІЖТ» салыстыру актісін жасайды. «ӘІЖТ» базасына кіргізілген мәліметтердің толықтығын және дұрыстығын қадағалайды. B блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.06.2026 – 25.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Ақтөбе қаласы, Н.Кобландин көшесі, 7

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7132) 45-65-79