Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-R-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік сатып алу менеджері
  • Заңгер

Функционалды міндеттер

Кәсіпкерлік субъектілеріне салықтық тексерулер жүргізуді, оларға тіркеу деректерін, жарғылық құжаттарды, есеп саясатын, басқа органдардың ақпаратын, тексеру актілерін және өзге де ақпаратты жинақтай отырып, бекітілген салық төлеушілер бойынша арнайы істер жүргізуді жүзеге асырады, әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау үшін материалдар дайындайды, бюджетке ҚҚС түсуін бақылауды және әкімшілендіруді жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізеді, салықтық тексерулер жүргізеді салық төлеушінің нақты орналасқан жерін немесе жоқтығын растау үшін, қосылған құн салығын төлеушілерді ҚҚС бойынша уақтылы қою және есептен шығару бойынша әкімшілендіру. Салық салу саласында жасалған құқық бұзушылықтар үшін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер қозғайды (ӘҚ туралы хаттамалар жасайды; істің қаралатын орны мен уақыты туралы ұйғарымдар жасайды; әкімшілік жаза қолдану не істі сотқа қарау үшін ведомстволық бағыныстылығы бойынша беру туралы қаулылар дайындайды). Істі қарау үшін сотқа берген кезде сот отырысына қатысады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, Қазақстан Республикасында қолданылатын әртүрлі заңдар мен кодекстерді ескере отырып жауаптар дайындайды. А блогы.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.06.2026 – 25.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

29.06.2026

Сұхбаттасу орны

Петропавл қаласы, К. Сүтішев көшесі, 56

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152) 39-71-91