Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты «А» функционалдық блогы (1 бірлік).

Мемлекеттік орган

Астана қаласының Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-R-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мамандығы

  • Құқық
  • Математика
  • Информатика
  • Халықаралық қатынастар
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Функционалды міндеттер

Өз құзіреті шеңберінде салық міндеттемелерінің пайда болуы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсініктемелерді жүзеге асыру, түсіндіру және ұсыну. Салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыру. Халықаралық салық салуға, жер қойнауын пайдаланушылар мен резидент еместерге салық салуға сәйкес салықтық әкімшілендіруді жүргізу, болжамның орындалуына талдау және бақылау жүргізу, сондай-ақ бекітілген Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері бойынша артық төлемдерді пысықтау. Салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны табыс ету. Заңды тұлғалардың салық заңнамасын бұзу фактілері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, қаулы шығару үшін басшылыққа хаттаманы жіберу, салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша шараларды уақтылы қолдану. Салық есептілігін зерделеу және талдау негізінде салық міндеттемелерінің орындалуына камералдық бақылау жүргізу. Камералдық бақылау шеңберінде әкімшілендіру жүргізу. Заңды тұлғаларды оңайлатылған тәртіпте тарату бойынша жұмыс жүргізу. РВУ / ЕХД, РКК ақпараттық жүйесінде хабарламаларын уақтылы және сапалы пысықтау. Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық төлеушілердің (заңды тұлғалардың) мекенжайлары бойынша салықтық тексерулер жүргізу, бекітілген БСК бойынша пысықтауды уақтылы және сапалы орындау. ҚР Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін сақтау. Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың уақытылы және сапалы орындалуына дербес жауапкершілік.

             Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым «А» функционалдық блогына жатады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.06.2026 – 22.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

25.06.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 63, каб.205

Анықтама алу үшін байланыс

87016426677, 8(7172)64-89-20.

Құжаттарды жібергеннен кейін бізбен міндетті түрде хабарласыңыз немесе бұл туралы Whatsapp-қа жазыңыз.