Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасы жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Жамбыл облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару. ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», ҚР «Кедендік реттеу туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Жеке компьютерде MS Word, MS Excel бағдарламалары бойынша, Интернетпен, Интранет-порталмен, және электрондық почтамен жұмыс істей алу.

Функционалды міндеттер

А-Блогы. Жер салығы, мүлік салығы, көлік салығын төлейтін салық төлеушілердін есептерін есепке алу және әкімшіліктендіру жүргізілген әдістеріне талдау жасау, салық және бюджетке түсетін міндетті төлемдердің түсімдерінің базасын жүргізу.  Уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін өзектендіру бойынша жұмыс жүргізу. Жеке тұлғалардың табыстары мен мүлікті жалпы декларациялауға көшу бойынша жұмыстарына әкімшіліктендіру жұмыстарын жүргізу. Өзіне жүктелген міндеттердің сапалы орындалуын, жеке тұлғалардың жеке табыс салығын жинайтын уәкілетті органдардың салық заңдылықтарының сақтауына, тәркіленген мүлікті, белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке өтеусіз өткен мүлікті мемлекеттің пайдасына рәсімделген тауарлар мен көлік құралдарын сатудан түсетін түсімдерге, салықтық емес түсімдер бойынша жауапты уәкілетті органдарға, салықтық түсімдердің толық есептелуі мен түсуін қадағалайды.  Өз қызметін жүзеге асыруда жұмысын ҚР ҚМ МКК-мен,  Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен, аумақтық мемлекттік кірістер басқармаларымен, салық төлеушілермен, уәкілетті, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарымен үйлестіреді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.05.2026 – 22.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

26.05.2026

Сұхбаттасу орны

г.Тараз, Улица Толе би 36

Анықтама алу үшін байланыс

8(7262)45-28-64