ҚР ҚМ МКК Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы, ОАНП-1, С-R-3 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

C-R-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

317 807

Жалпы біліктілік талаптары

   C-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмыстарын ұйымдастырады және басқарады. Салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына бақылау жасайды. Талап – арыз жұмысын жүргізеді, тараптардың бірі басқарма болған азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істерін, сот шешімдерін орындауды бақылайды және ұйымдастырады. Құқықтық мәселелерді қарау барысында өз құзыреті және құқығы шегінде бекітілген тәртіпте сот және өзге де органдарда басқарманың мүдделерін білдіреді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы мен хаттамалар бойынша өтініштер мен шағымдарды өз өкілеттігі шегінде уақытылы және сапалы қарайды. Заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау және азаматтық әкімшілік және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша басқарманың талап – арызын қарау жөніндегі сот және соттан тыс тәжірибе бойынша есеп және талдау жүргізеді. Қазақстан Республикасының салық заңнамаларына сәйкес салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және мәжбүрлеп өндіру тәртібі бойынша борышын өндіру тәсілін қолданылады. Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің нұсқаулығына сәйкес, бекітілген кодтар бойынша бақылау және талдау жүргізеді, сонымен қатар түсімді қамтамасыз етеді. Салық Кодексінің 611 бабына сәйкес банк шоттары бойынша шығыс операцияларына тоқтам жасау туралы өкімдерді қайтаруда сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында,   ҚР БСАЖ бағдарламасында орындалған хабарламалардың мәртебелерін уақытылы қойып отырады. ҚР БСАЖ бағдарламасында  “уақыты өткен, орындалмаған және қайтып келген” мәртебесі бар хабарламалар бойынша шараларды толық қолданады. ҚР ӘҚбТК сәйкес салық төлеушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартады. 6 АЕК-тен кем бережақтармен жұмыс жүргізеді.  Бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауларын бақылау жасайды. 6 АЕК-тен аспайтын салық бережақтарын өндіру жұмыстарының жүргізілуінің дұрыстығын бақылайды. Сыбайлас жемқорлық   құқық бұзушылығының алдын алады, анықтайды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы немесе қылмыс анықталған жағдайда, басқарма басшыларын шұғыл түрде хабардар етеді. Сот отырыстарына қатысады. А блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.05.2026 – 19.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Ақтөбе қаласы, Н.Кобландин көшесі, 7

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7132)456579