Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Шалқар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы, МКБ-2-2, 1бірлік.
Ақтөбе облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Функционалды міндеттер
Салық төлеушілердің белгіленген тәртіпте салық салу обьектілерінің есебін жүргізуді уәкілетті органдардың мәліметтеріне сәйкес жүзеге асырады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолданады.Бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндір жұмыстарын жүргізеді. Талап – арыз жұмысын жүргізеді, тараптардың бірі басқарма болған азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істерін, сот шешімдерін орындауды бақылайды және ұйымдастырады. Құқықтық мәселелерді қарау барысында өз құзыреті және құқығы шегінде бекітілген тәртіпте сот және өзге де органдарда басқарманың мүдделерін білдіреді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы мен хаттамалар бойынша өтініштер мен шағымдарды өз өкілеттігі шегінде уақытылы және сапалы қарайды. Заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау және азаматтық әкімшілік және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша басқарманың талап – арызын қарау жөніндегі сот және соттан тыс тәжірибе бойынша есеп және талдау жүргізеді.Қажет болған жағдайда салық төлеушіге хронометраж және рейдтік тексеру жүргізеді. Салық төлеушілерді ішкі бақылау нәтижесінде қосымша есептелген салықтар мен өсімпұлдардың сомалары туралы хабарлайды.Тіркеусіз айналысатын салық төлеушілерді анықтайды, олар бойынша материалдарды тиісті органдарға береді.Құқық қорғау, қаржы және басқа да бақылаушы органдармен бірлесіп тексерулер жүргізеді.Cалық түсімдері мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай ақ артық төлемдерді талдайды және болжайды.Cалық төлеушілердің шағымдары бойынша тексерулер жүргізеді.Әкімшілік құқық бұзушылықтардың есебін жүргізеді.Cалық төлеушілер алдындағы берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу әдістері мен шараларын уақытылы және толық қолдану.Салық төлеушілердің құқықтарының сақталуын және қорғалуын, «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамада белгіленген шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді. 2- есебіне бөлім жұмысына қатысты мәліметтерді дайындау. Кәсіпорындардың бұрын шектелген мүлкін түгендеу және бақылау. Тұрғындардан жергілікті салықтар бойынша берешектің өндірілуін қадағалау. Блок А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
erb.kuanyshev@kgd.gov.kz
- Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы көшесі 64
-
8(71335) 21-6-53