Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының басшысы
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Жамбыл облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», ҚР ҚР «Кедендік реттеу туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Тиісті лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда: сәйкесті мамандығы бойынша меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі.
Жеке компьютерде MS Word, MS Excel бағдарламалары бойынша, Интернетпен, Интранет-порталмен, және электрондық почтамен жұмыс істей алу.
Функционалды міндеттер
А-Блогы. Басқарма жұмыстарына басшылықты және ұйымдастыруды жүзеге асырады. Тіркеу бойынша жұмыстарын үйлестреді, көрсетілген қызмет сапасын арттырады, салық қызметі органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің сақталуына бақылау жүргізеді. Басқармаға жүктелген міндеттердің сапалы орындалуына, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының мемлекеттік қызметін көрсету сапасына және мерзіміне, мемлекеттік қызметі органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің сақталуына бақылау жүргізеді. Қызмет барысында ҚР ҚМ МКК-мен, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен, аумақтық мемлекттік кірістер басқармаларымен, салық төлеушілермен, уәкілетті, құқықтық және мемлекеттік органдарымен атқарылатын жұмыстарды үйлестіреді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 20.06.2025
- Жамбыл облысы, Тараз қаласы Төле би көшесі 36
-
8(7262)45-28-74