ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша МКД Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының талдау және есепке алу бөлімінің жетекші маманы

Мемлекеттік орган

Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

С-R-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

180 517

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Құқық және экономика негіздері
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Салық төлеушінің дербес шотында төлем құжаттарының уақытылы таратылуын қамтамасыз етуге жауапты, талдау және өңдеу, қате түскен құжаттарды анықтағаннан кейін дербес шотқа дұрыс тарату жасайды немесе салық төлеушіге төлемдердің дұрыс төленбегендігі туралы хатты жіберу, кедендік төлемдерді қайтару, сонымен қатар қате төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді салық төлеушінің (салық агентінің) тіркелген салық органына қайтару. Қорытынды жасайтын топқа қызметтік хат дайындау, өткен жылдарға төлемдерді қолмен енгізу, салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішінің негізінде, белгіленген тәртіпте Қазынашылық органдары арқылы артық төленген төлемдерді, қате түскен түсімдерді қайтару және ауыстыру.  Сотқа қатысу және барлық сот инстанцияларында Басқарманың мүдделерін білдіру. Салық төлеушілерге салық заңдылықтарын түсіндіруді жүзеге асырады. ҚР Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі мен мерзімін сақтау. Өз құзіреті шегінде жоғары тұрған органдарға тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есептерді тапсыру. Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік, мемлекеттік емес, сонымен қатар құқық қорғау органдармен қарым-қатынас жасау; Бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтердің, басқарма басшылығының тапсырмаларын, бақылау құжаттарын уақытылы және сапалы орындауға, құжаттардың сақталуына және қызметтік құпия болып саналатын ақпараттың жариялануына жол бермеуге жауап беру. Біріктірілген ақпараттық салықтық жүйесі (БАСЖ), Орталықтандырылған бірыңғай жеке шоттары (ОБЖШ) бойынша мәліметтерін уақтылы енгізу; ДК және ұйымдастыру жабдықтарына қызмет көрсету, желілік қосылымдарды орнату. Техникалық қолдау және бағдарламалық қамтамасыз етудің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету: «СЕӨЖ, ИСНА, БАСЖ, РВУ, АНП, ЕРАП, Казначейство, ЭСФ, Модуль ЭСФ, ОДО, E-Otinish, ОБЖШ, Портал дистанционного обучения», ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі жұмыстар жүргізу, техникалық қызмет көрсету, компьютерлік техника паркімен жұмыс және жұмыс қабілетін қолдау, сондай-ақ жоғарыдағы ақпараттық жүйелерді уақытылы жаңартулар. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.12.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.12.2024 – 09.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Достық даңғылы, 136, 204 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8(727) 248-40-84