ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау департаментінің Өткізу пункттерін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Астана қаласы
323914
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Көлік құрылысы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Көлік құралдарын өткізуге мониторинг және талдау жүргізу, Басқарма, Комитет және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдары ұйымдастыратын Комитеттің аумақтық бөлімшелерін тауарлар мен көлік құралдарын өткізуін бақылау мәселелері бойынша тексерулерге қатысу және аумақтық бөлімшелердің автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау функцияларын жүргізуіне бақылау мен мониторингті жүзеге асыру, автомобиль, теңіз өткізу пункттерінде және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында аумақтық бөлімшелерідің автомобиль өткізу пункттеріндегі бақылаушы органдармен өзара іс-қимыл бойынша көліктік бақылау функцияларын жүргізуін бақылау мен мониторингті жүзеге асыру, интеграцияланған бақылауды, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін әзірлеумен, жұмыс істеуімен және пайдаланумен байланысты қолдану тиімділігінің мониторингіне қатысу; Басқарма басшылығына өткізу пункттері арқылы көлік құралдарын өткізуді одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізу; интеграцияланған бақылау мәселелері бойынша; көлік құралдарын қадағалау жүйесін енгізуге қатысу, Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету; құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ОАӨЭЫ, ДСҰ, ДКҰ, ЕЭК, КОБА және т.б.) өзара іс-қимыл жасау; құзыреті шегінде Комитеттің мүдделерін мемлекеттік органдарда, халықаралық органдарда, ведомствоаралық құрылымдарда және өзге де ұйымдарда білдіру, Басқарма қызметінің бағыты бойынша сараптамалық және жұмыс топтарының жұмысына қатысу. Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
s.seitkanov@kgd.gov.kz
- Астана қ. Жеңіс даңғылы 11, техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
8(7172)709935