«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Темiртау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ –ің жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (ЖСӘБ-5-4, C-R-4 санаты, 1 бірлік).

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

С-R-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару

Функционалды міндеттер

Дебеттік сальдосы бар немесе Талдамалық деректер негізінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша төлеушілер бойынша ҚҚС-ты тақырыптық тексеруді жүзеге асырады. Қосылған құн салығын растау жөніндегі сұрау салулар бойынша заңды мекенжайы бойынша жоқ ҚҚС асып кеткен салық төлеушілер бойынша тексеру актілерін жасайды. Қарсы тексерулер жүргізеді, сұрау салуларды басқа МКБ және уәкілетті органдарға жібереді. Тақырыптық салықтық тексеру аяқталғаннан кейін тексеру актісіне қорытынды жасайды. Акциздік бекеттер мен өндіруші кәсіпорындардың қызметін бақылауды жүзеге асырады. Жекелеген қызмет түрлері бойынша, атап айтқанда алкоголь өнімін сақтау және өткізу бойынша тіркелмеген салық төлеушілерді анықтайды. Акциздердің есептелуін және бюджетке түсуін есепке алуды және бақылауды қамтамасыз етеді. Кеден одағы шеңберінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштерді уақтылы қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады. Тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, Кеден одағында қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу бойынша жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды жөнелтуді жүзеге асырған ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылар туралы басқа елдердің салық қызметтерімен ақпарат алмасуды жүргізеді. Электрондық шот-фактуралар модулінде тауарға ілеспе құжаттарды куәландыруға байланысты жұмысты орындайды. Жанама салықтар бойынша салық есептілігінің нысандарын камералдық бақылауды жүзеге асырады. Жанама салықтар бойынша камералдық бақылау жүргізу нәтижелеріне талдау жүргізеді. (А блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.09.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.09.2024 – 05.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Темiртау қ., Тәуелсіздік гүлзары, 9 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8-(7213)-410584